Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жоспарлы тексеру жүргізілді

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жоспарлы тексеру жүргізілді

Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент мамандары мен адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Казталовка ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарлы тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында орталықта көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы, сондай-ақ қолжетімді орта талаптарының орындалуы зерделенді.

Сонымен қатар қызмет алушыларға жасалған жағдайлар, олардың қауіпсіздігі мен тұрмыстық қажеттіліктерінің қамтамасыз етілуі қаралды.

Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданып, анықталған кемшіліктерді жою және қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар берілді.