Алғашқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріндегі оқыту

Алғашқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріндегі оқыту

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) азаматтарды жолдау кезінде жіберілетін кемшіліктерді жою, сондай-ақ МӘС-ке жолдамаларды сапалы әрі негізді рәсімдеуді қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айының үшінші он күндігі мен қыркүйек айының алғашқы он күндігі аралығында дәрігерлер алғашқы МӘС бөлімінің көзбе-көз куәландыру отырысына қатыса отырып, тәжірибе жинады. Атап айтқанда, Бөрлі аудандық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігерлері К.Е.Калиулланова мен Г.А.Хаби, № 4 қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігерлері Н.Б.Абдесова мен Р.Е.Сейткалиева, № 3 қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Ж.А.Ережепова, Қаратөбе аудандық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері М.Ж.Сабутаева қатысып, МӘС жүргізу тәртібімен танысып, жолдамаларды рәсімдеу кезінде жиі кездесетін қателіктерді қарастырды, сондай-ақ азаматтарды МӘС-ке негізсіз жолдау себептеріне талдау жүргізді. Көзбе-көз отырысқа қатысу мамандардың практикалық тәжірибесін арттырып, азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға сапалы әрі негізді жолдау мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге мүмкіндік берді.