Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тексеру жұмыстары жүргізілді

Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тексеру жұмыстары жүргізілді

2026 жылдың 2 жартыжылдығына жоспарланған тексеру жұмыстары аясында Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында Орталықтың қызметін ұйымдастыру, көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы, сондай-ақ құжаттамалардың талаптарға сәйкестігі қаралды.

Тексеру жұмыстары барысында мекеме қызметінің негізгі бағыттары зерделеніп, анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Орталық ұжымы алдағы уақытта да арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасауға және олардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.