МӘС-ке жолдау сапасын арттыруға бағытталған оқыту жұмыстары жүргізілді

МӘС-ке жолдау сапасын арттыруға бағытталған оқыту жұмыстары жүргізілді

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) азаматтарды жолдау кезінде кездесетін кемшіліктердің алдын алу, жолдамаларды сапалы әрі негізді рәсімдеуді қамтамасыз ету мақсатында алғашқы МӘС бөлімінде кезекті көзбе-көз куәландыру отырысы аясында оқыту жұмыстары жүргізілді.

19 тамызда өткен кезекті отырысқа № 5 қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігерлері А.Уралдиева мен А.Ванцетова, ал 20 тамызда № 6 қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері А.Ракимжанова қатысты.

Оқыту барысында медициналық ұйым мамандарына МӘС жүргізу тәртібі түсіндіріліп, азаматтарды сараптамаға жолдау кезінде жиі кездесетін қателіктер мен негізсіз жолдамалардың себептері талқыланды. Сонымен қатар, жолдамаларды толтыру талаптарына, медициналық құжаттарды дұрыс әрі толық рәсімдеуге ерекше назар аударылды.