Медициналық-әлеуметтік сараптама отырысы барысындағы кезекті оқыту

Медициналық-әлеуметтік сараптама отырысы барысындағы кезекті оқыту

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) жолдау барысында жіберілетін кемшіліктерді жою және МӘС-ке жолдамаларды сапалы әрі негізді толтыруды қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 13 тамызында алғашқы МӘС бөлімінің кезекті көзбе-көз куәландыру отырысына №1 қалалық емхананың дәрігерлік-консультативтік комиссиясының төрайымы Ж. Иманкулова, 14 тамызында №3 қалалық емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ш. Жұмашева қатысты.

Көзбе-көз отырыстар барысында мамандар МӘС жүргізу тәртібімен танысып, азаматтарды МӘС-ке жолдау кезінде жиі кездесетін қателіктерді, сондай-ақ негізсіз жолдамалардың себептерін талдады. Аталған тәжірибе мамандардың практикалық білімін жетілдіруге, МӘС-ке жолдау сапасын арттыруға және жолдамаларды талапқа сай, сапалы әрі негізді рәсімдеуге ықпал етеді.