№ 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің Бәйтерек ауданындағы көшпелі отырысы

№ 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің Бәйтерек ауданындағы көшпелі отырысы

2026 жылдың 2 шілдесінде № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің Бәйтерек ауданындағы көшпелі отырысы барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы С.Туралиева Бәйтерек Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу тәртібі бойынша дәріс оқыды.
«Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында жекелеген нозологиялар бойынша проактивті сырттай куәландыруға жолдау барысында тиісті зерттеп қарау әдістері 031/е нысанына тіркелуіне бақылауды күшейту бойынша хаттамалық ұсынымдар берді.
Сонымен бірге негізсіз жолдамалардың себептері талданды.