О систеМедициналық-әлеуметтік сараптама жүйесі туралыме медико-социальная экспертизы

О систеМедициналық-әлеуметтік сараптама жүйесі туралыме медико-социальная экспертизы

Медициналық-әлеуметтік сараптама дегеніміз - сараптама жүргізу арқылы мүгедектікті және еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп, куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама 031/е нысаны тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген медициналық мекемемен толтырылады.
Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында өмір сүру қабілетінін шектелуі келесідей өлшемшарттармен белгіленеді:
- адамның өзіне өзі қызмет көрсету;
- өздігінен жүріп-тұру;
- бағдарлану;
- қарым-қатынас жасау;
- өзінің мінез-құлқын бақылау;
- оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы.
Мүгедектік аурудың атауына немесе қойылған диагнозға байланысты белгіленбейді. Шешім ағза функцияларының тұрақты бұзылу дәрежесі мен тыныс-тіршілігінің шектелу деңгейіне кешенді бағалау жүргізілгеннен кейін ғана қабылданады.
Сондықтан әрбір жағдай медициналық құжаттар, тексеру нәтижелері және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жеке қаралады.