Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасында өткізілген семинар-кеңес

Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасында өткізілген семинар-кеңес

2026 жылдың 25 маусымында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Муканова Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының базасында медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама толтыру мен ерекше тетік бойынша сырттай проактивті куәландыру жүргізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді. Іс-шараға қалалық және аудандық медициналық ұйымдардың ДКК төрағалары қатысты.
Кеңес барысында сырттай проактивті куәландыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша өзекті мәселелер қаралды, сондай-ақ азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау жағдайлары талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдамалардың сапасы мен негізділігін арттыруға бағытталған түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді