Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев облыс тұрғындарымен кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев облыс тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың 26 маусым күні сағат 11.00-де Орал қаласы Н.Назарбаев даңғылы 201 мекен-жайында орналасқан облыстық мәслихат ғимаратының үлкен залында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев облыс тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары және әлеуметтік төлемдер мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында министрлік тарапынан жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік бастамалардың негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар азаматтарды жұмыспен қамту шаралары, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктері, мүгедектігі бар азаматтарды қолдау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Тұрғындар өздерін сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, еңбек құқықтарын қорғау және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағыттарына қатысты болды.

Вице-министр азаматтардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешу бойынша түсініктемелер берді. Сондай-ақ бірқатар мәселелерді қосымша қарау үшін жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді.

Сонымен қатар, кездесуден кейін жеке қабылдау жүргізді.