Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі өзге де топтары үшін қолжетімді орта қалыптастыру – Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі.
Қолжетімді орта – азаматтардың әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына, сондай-ақ мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ететін жағдайлар кешені.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысандарды жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалану кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік талаптары сақталуы тиіс. Негізгі талаптар «Ғимараттар мен құрылыстарды халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып жобалау. Жалпы ережелер» ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 ережелер жинағында белгіленген.
Аталған құжатта кіреберіс тораптарына, қозғалыс жолдарына, пандустарға, лифтілерге, санитариялық тораптарға, автотұрақ орындарына және инфрақұрылымның өзге де элементтеріне қойылатын талаптар айқындалған.
Кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында нысандарда:
Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігіне мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл жұмыстарды Батыс Қазақстан облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің инспекторлары жүзеге асырады. Олар бақылау субъектілеріне барып профилактикалық бақылау жүргізеді, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер өткізеді.
Мониторинг барысында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарына, мемлекеттік мекемелерге және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға басымдық беріледі.
Мониторинг нәтижелері бойынша нысан иелеріне анықталған кедергілерді жою және нысандарды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру жөнінде ұсынымдар беріледі. Нысандарды бейімдеу жұмыстары мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға және олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына ықпал етеді.
Департаменттің бақылау қызметінің нәтижелеріне тоқталсақ:
2025 жылы Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті инспекторлары әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігіне 56 тексеру жүргізді. Оның ішінде профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер қамтылды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 85 нұсқама беріліп, 7 әкімшілік айыппұл салынды.
2026 жылы 27 тексеру жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша 38 нұсқама беріліп, 9 әкімшілік айыппұл салынды.
Қолжетімді ортаны қамтамасыз ету – нысан иелері мен пайдаланушыларының міндеті. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Кедергісіз орта қалыптастыру – бұл заң талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің көрсеткіші. Әрбір бейімделген нысан өңір тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер береді.