Батыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ филиалында мемлекеттік қызметтердің сапасы мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ филиалында мемлекеттік қызметтердің сапасы мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 15 маусымда Батыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ филиалында әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын арттыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

         Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департамент өкілдері Сариева З.Т. мен Бауедин Э.Б., филиал басшылығы, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ фронт- және бэк- офистердің мамандары мен менторлары қатысты. Кездесу барысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Қатысушылар белгіленген стандарттардың сақталуына және азаматтармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Сонымен қатар филиалдың күнделікті жұмысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды. Қатысушылар жұмыс процестерін жетілдіру жолдарын қарастырып, мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.