Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы, ұлттық мақтанышымыздың символы.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыз ел бірлігін айшықтап, Әнұранымыз халқымыздың рухын асқақтата берсін!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын!