Интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз!

Интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз!

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы азаматтарға көптеген қызметтерді онлайн форматта алуға мүмкіндік беріп, күнделікті өмірді айтарлықтай жеңілдетті. Алайда интернет кеңістігінде алаяқтық әрекеттердің де саны артып, олардың тәсілдері барған сайын күрделене түсуде.

Қазіргі уақытта қылмыскерлер әлеуметтік инженерия әдістерін пайдаланып, азаматтарды алдау үшін өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе мемлекеттік мекеме өкілі ретінде таныстырады. Олар жеке деректерді, банк карталарының реквизиттерін, SMS арқылы келетін растау кодтарын сұрап, азаматтардың қаражатын заңсыз иемденуге әрекет етеді.

Сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының көмегімен жалған аудио және бейнематериалдар (deepfake) жасау жағдайлары жиілеп келеді. Мұндай материалдар азаматтарды адастыру және жалған ақпарат тарату мақсатында қолданылуы мүмкін.

Осыған байланысты азаматтарды келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз:

  • Жеке деректеріңізді, банк картасының нөмірін, CVV-кодын және SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге бермеңіз;
    • Бейтаныс адамдардың телефон қоңыраулары мен хабарламаларына сақтықпен қараңыз;
    • Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз;
    • Банк карталарын үшінші тұлғаларға пайдалануға бермеңіз;
    • Бұрын пайдаланылған немесе басқа адамдарға берілген төлем құралдарын уақытылы жабыңыз.

Естеріңізге саламыз, мемлекеттік органдардың және қаржы ұйымдарының қызметкерлері азаматтардан телефон арқылы құпия деректерді, банк шоттарының реквизиттерін немесе растау кодтарын сұрамайды.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша Бас прокуратураның бейнеролигін келесі сілтеме арқылы көре аласыз:

https://www.instagram.com/reel/DYekk4qM5Zf/?igsh=YnlmOWpkNXJkZ2lx

Егер сіздің жеке деректеріңіз интернетте заңсыз пайдаланылған болса немесе жалған контент анықтасаңыз, оны жою туралы өтінішті келесі сілтеме арқылы жолдай аласыз:

https://support.google.com/legal/contact/lr_gov

Интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау үшін қырағылық танытып, жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті.