Осы мерекеге орай «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.И. Муканова қатысып, балаларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, оқуда табыс және жарқын болашақ тіледі.
Мерекелік бағдарлама барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, концерттік қойылымдар мен мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Балалардың құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау және қоғам өміріне белсенді араласуына қолдау көрсету мәселелерінің маңыздылығы атап өтілді.