Сәйкестік декларациясы және ҚР Құрылыс кодексінің жаңа тәсілдері

Сәйкестік декларациясы және ҚР Құрылыс кодексінің жаңа тәсілдері
  1. Сәйкестік декларациясы – бұл салынған нысанның заңнама талаптарына, құрылыс нормаларына және жобалық құжаттамаға сәйкес келетінін растайтын ресми құжат.

Іс жүзінде бұл нысанның қауіпсіз пайдалануға дайын екендігін және белгіленген талаптарға, соның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сай екенін растайды.

  1. Жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануына байланысты құрылыс процесіне қатысушылардың барлығының жауапкершілігі күшейтілуде.

Бүгінде мемлекет құрылыс қарқынына ғана емес, нысандардың сапасына, қауіпсіздігіне және халық үшін қолжетімді болуына басымдық беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан кедергісіз орта қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылуда – яғни ғимараттар мүгедектігі бар адамдарға, жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға, қарт адамдарға және балалы ата-аналарға ыңғайлы болуы тиіс.

  1. Біздің департамент әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділік талаптарының сақталуын бақылау мәселелеріне қатысады.

Біз нысандарды бейімдеу, кедергісіз орта нормаларының сақталуы мәселелерін қараймыз, сондай-ақ тиісті түсіндіру және бақылау жұмыстарын жүргіземіз.

Нысандарды пайдалануға беру кезінде қолжетімділік талаптарының тек формалды түрде емес, азаматтардың өз бетінше және қауіпсіз қозғалу мүмкіндігін нақты қамтамасыз етуі өте маңызды.

  1. Қолжетімділік бөлігінде пандустардың, санитарлық тораптардың, кіреберіс топтарының, лифтілердің, тактильді көрсеткіштердің, қозғалыс жолдарының және қолжетімді орта элементтерінің болуы мен сәйкестігі тексеріледі.

Қолжетімділік – бұл жеке бір элемент емес, адамның нысанды еш кедергісіз пайдалануына мүмкіндік беретін тұтас жағдайлар жүйесі екенін түсіну маңызды.

  1. Сәйкестік декларациясы құрылысқа қатысушылар мен нысанның дайын екенін растайтын тұлғалардың жеке жауапкершілігін көздейді.

Егер нысан іс жүзінде бейімделмеген болса, яғги белгіленген талаптарға, соның ішінде қолжетімділік талаптарына сәйкес келмесе, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік шараларына әкеп соғуы мүмкін.

  1. Жаңа Құрылыс кодексі құрылыс саласындағы ашықтық, жауапкершілік және сапа қағидаттарын күшейтеді.

Сондай-ақ мемлекеттік органдар, жобалау ұйымдары, техникалық және авторлық қадағалау арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл нығайтылуда.

Бүгінгі басты назар – нысанды жай ғана салу емес, оның қауіпсіздігін, функционалдығын және халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  1. Қолжетімді орта – бұл өмір сапасының және мемлекет пен қоғамның әлеуметтік жауапкершілік деңгейінің көрсеткіші.

Заманауи нысан денсаулық жағдайына, жасына немесе қозғалу ерекшеліктеріне қарамастан әрбір адамға ыңғайлы болуы тиіс.

Бұл тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар азаматтарға деген құрмет мәселесі.

  1. Бүгінде қолжетімділік мәселелерінің құрылыс аяқталғаннан кейін емес, жобалау кезеңінің өзінде ескерілуі өте маңызды.

Талаптар неғұрлым ерте сақталса, нысан соғұрлым сапалы әрі қауіпсіз болады.

Біздің ортақ міндетіміз – ел тұрғындарының барлығы үшін шын мәнінде қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру.