2026 жылдың 20 мамырында № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің Бәйтерек ауданындағы көшпелі отырысы барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы С.Туралиева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларына сәйкес мүгедектікті белгілеу өлшемшарттары мен ересектер мен балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеу үшін медициналық көрсетілімдер бойынша дәріс оқыды.
Бүгінгі күні, проактивті-сырттай куәландыруға жолданғандардың уақытылы қызмет алуын қамтамасыз ету мақсатында жекелеген нозологиялар бір ғана сарапшыға түсіп, бір күннің ішінде сараптамалық қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін проактивті сырттай куәландырудан/қайта куәландырудан өтудің пилоттық жобасы бойынша тиісті зерттеп қарау әдістері 031/е нысанына тіркелуіне бақылауды күшейту бойынша хаттамалық ұсынымдар берді.
Сонымен бірге, негізсіз жолдамалардың алдын алу мақсатында нақты мысалдарды көрсете отырып пікір алмасу өткізілді, дәрігерлермен МӘС-ке жолдау мен мүгедектік мерзімдері, сырттай куәландыру сұрақтары талқыланды.