Ерекше тетік бойынша сырттай проактивті куәландыру жүргізу және медициналық құжаттарды заңсыз және жалған рәсімдеу фактілерінің алдын алу мәселелері бойынша семинар

Ерекше тетік бойынша сырттай проактивті куәландыру жүргізу және медициналық құжаттарды заңсыз және жалған рәсімдеу фактілерінің алдын алу мәселелері бойынша семинар

2026 жылдағы 15 мамырында № 1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің Сырым ауданындағы көшпелі отырысы барысында ерекше тетік бойынша сырттай проактивті куәландыру жүргізу мәселелері бойынша семинар өткізіліп, сырттай проактивті куәландыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ медициналық құжаттарды заңсыз және жалған рәсімдеу фактілерінің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында медицина қызметкерлеріне құжаттарды толтыру кезінде заң талаптарын сақтау, мәліметтердің дұрыстығы мен шынайылығын қамтамасыз ету қажеттігі түсіндірілді. Жалған ақпарат беру мен негізсіз медициналық қорытынды жасаудың жауапкершілігі туралы айтылып, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау жағдайлары талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдамалардың сапасы мен негізділігін арттыруға бағытталған түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.