Медициналық құжаттарды жалған рәсімдеу мәселелерінің алдын алу мақсатындағы түсіндірме шаралары

Медициналық құжаттарды жалған рәсімдеу мәселелерінің алдын алу мақсатындағы түсіндірме шаралары

2026 жылдың 14 мамырында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Муканова қала және аудан көлеміндегі медициналық мекемелердің жалпы тәжірибе дәрігерлері мен дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағаларын қатыстыра отырып, медициналық құжаттарды жалған рәсімдеу мәселелерінің алдын алу мақсатында түсіндірме шарасын жүргізді, медициналық ұйым қызметкерлеріне құжаттарды заңнама талаптарына сәйкес дұрыс рәсімдеу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, жалған мәліметтер енгізудің және негізсіз медициналық қорытындылар берудің құқықтық салдары ескертіліп, мұндай фактілердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен бірге, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелері мен мүгедектіктің негізгі мәселелері» тақырыбында дәріс оқылды. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау тәртібі баяндалып, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдамалардың себептері талданып, проактивті сырттай куәландырудың үлесі мен сапасын арттыру бойынша кеңес берілді.