Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс қазақстан облысы бойынша департаментімен 2026 жылдың 13 мамырда "Азаматтарға арналған үкімет" Мемелекеттік корпорация КЕАҚ филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшы мен мамандарымен бейнеконференция өткізілді. Бейнеконференция барысында зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде дұрыс емес құжаттарды ұсынуды анықтау мәселелері қаралды.
Бейнеконференция қатысушыларына құжаттарды қабылдау кезінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және әлеуметтік төлемдерді заңсыз алудың алдын алуға ықпал етеді.