
2026 жылдың 9 сәуірінде № 2 медициналық-әлеуметтік сарапмата бөлімінің Бөрлі ауданындағы көшпелі отырысы барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы С.Туралиева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларына сәйкес мүгедектікті белгілеу өлшемшарттары мен ересектер мен балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеу үшін медициналық көрсетілімдер бойынша дәріс оқыды.
Бүгінгі күні, проактивті-сырттай куәландыруға жолданғандардың уақытылы қызмет алуын қамтамасыз ету мақсатында «Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында (бұдан әрі – Пилоттық жоба) жекелеген нозологиялар бойынша проактивті сырттай куәландыруға жолдау барысында тиісті зерттеп қарау әдістері 031/е нысанына тіркелуіне бақылауды күшейту бойынша хаттамалық ұсынымдар берді.
Сонымен бірге, негізсіз жолдамалардың алдын алу мақсатында нақты мысалдарды көрсете отырып пікір алмасу өткізілді, дәрігерлермен МӘС-ке жолдау мен мүгедектік мерзімдері, сырттай куәландыру сұрақтары талқыланды.
Пилоттық жоба қызмет алушылардың жекелеген нозологиялар бойынша проактивті сырттай куәландырудан/қайта куәландырудан өту барысында бір ғана сарапшыға түсіп, бір күннің ішінде сараптамалық қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, № 031/е нысанын толтыру үшін төменде көрсетілген нозологиялық тізімдер үшін келесі зерттеп-қараулар мен объективті деректердің болуы міндетті.
Туа біткен және жүре пайда болған қалпына келмейтін кемістіктер кезінде (аяқ-қолдың болмауы және (немесе) ампутациясы) кезінде міндетті зерттеп-қарау әдістері:
Даун (ауруы) cиндромы кезінде міндетті зерттеп-қарау әдістері:
Балалардағы мукополисахаридоз кезінде міндетті зерттеп-қарау әдістері:
Жоғарыда көрсетілген нозологиялардың әрқайсысы бойынша тиісті зерттеп қарау әдістері 031/е нысанына тіркелген жағдайда сараптамалық шешім бір күннің ішінде бір ғана сарапшымен шығарылады.
Бұл өз кезегінде науқастардың қызмет алуын тездетіп, күту уақытын қысқартады.