
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары2026 жылдың 2-3 сәуір күндері аралығында Тасқала ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы»№ 230 бұйрығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»№ 263 бұйрығының талаптарының орындалуына профилактикалық бақылау жүргізді.
Бақылау барысында әдістемелік көмек көрсетіліп, анықталған кемшіліктер бойынша жою туралы нұсқамалар берілді.
Сонымен қатар, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, жан басына шаққандағы қаржыландыру, лицензиялау мәселелері талқыланды.