
Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ еңбек ұжымында құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға Департаменттің Мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаментінің инспекторы Г. Рыскалиева және Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Құқық бұзушылықтармен күрес бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны А. Рахметқали қатысты.
Іс-шара барысында назар аударылған негізгі мәселелер:
Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары;
Сталкинг, психологиялық қысым және олардың зардаптары;
Еңбек ұжымында құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қауіпсіз және қолайлы жұмыс ортасын қамтамасыз ету шаралары;
Қызметкерлерді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтамасыз ету.
Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы кеңестер беріліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Сондай-ақ, мұндай профилактикалық кездесулердің тұрақты түрде өткізілетіні хабарланды.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек ұжымында қауіпсіздік пен әділдікті қамтамасыз ету бағытында белсенділік танытты.
Бұл іс-шара қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару және еңбек ұжымында құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
#Qurmet