
2026 жылдың 19 ақпанында 2025 жылдың қорытындысы бойынша талдау нәтижелерімен Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасында аудандық және қалалық медициналық мекемелердің дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағалары мен емдеу ісі жөніндегі орынбасарларды қатыстыра отырып жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр медициналық мекеменің алғашқы мүгедектікке шығу, толық және ішінара оңалту, мүгедектік тобын күшейту көрсеткіштеріне 2024 жылмен салыстырмалы түрде талдау нәтижелері ұсынылды.
Жиналыс барысында әр медициналық мекеменің ДКК төрағалары мен емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары мүгедектіктің алдын алу мен мүгедектігі бар адамдарға жүргізіліп жатырған оңалту іс-шараларын баяндап, мүгедектік тобының өсуі мен ауырлау көрсеткіші жоғарылауының себептерін атап өтті.
Медициналық мекемелерді тыңдай отырып Денсаулық сақтау басқармасына ДКК құрамын кенейтіп, мүгедектіктің алдын алу мен мүгедектігі бар адамдарға жүргізілетін оңалту іс-шараларын бақылауды күшейтуге, ДКК төрағаларына талдау нәтижелері бойынша диспансерлік бақылауды күшейту мен оңалту іс-шаралар жоспарын құруға, МӘС-ке негізді сапалы қорытынды жазуға кеңес берілді.