2026 жылғы 15 наурызға белгіленген референдумға қатысу үшін тізімге енгізу туралы

2026 жылғы 15 наурызға белгіленген референдумға қатысу үшін тізімге енгізу туралы

2026 жылғы 15 наурызға белгіленген референдумға қатысу үшін тізімге енгізу туралы

Дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімдері қалыптастырылып, нақтылануда.

Егер сіз тұрақты тіркелген мекенжайыңыз бойынша емес, нақты тұратын жеріңіз бойынша дауыс бергіңіз келсе, тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке тиісті өтініш беруіңіз қажет.

⚠️ Назар аударыңыз: әр азамат референдумға қатысуға арналған тізімге тек бір рет қана енгізіледі.

Өз деректеріңізді тексеруге болады:
* тиісті әкімдіктің ресми интернет-ресурсында;
* жергілікті атқарушы органның call-орталығы арқылы;
* өз сайлау учаскеңізде.

2026 жылғы 27 ақпаннан бастап азаматтар сайлау учаскелерінде жеке деректерінің дұрыстығын тексере алады.

Қосымша ақпарат алу үшін тіркелген немесе нақты тұратын жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүгіну ұсынылады.