
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Департамент қызметкерлеріне «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» Заңын түсіндірді.
Ақпараттық түсінік жұмыстары барысында әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту, құқық бұзушылық профилактикасы, құқықтық тәрбие мәселелері баяндалды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қоғамдық орындарда тәртіпті қатаң сақтау қажеттігі жеткізілді.