Алғашқы мүгедектікке шығу көрсеткішінің өсуіне, толық және ішінара оңалтудың төмендеуі мен мүгедектік тобының ауырлығына талдау

Алғашқы мүгедектікке шығу көрсеткішінің өсуіне, толық және ішінара оңалтудың төмендеуі мен мүгедектік тобының ауырлығына талдау

2025 жылдың 15 желтоқсанында Департамент басшысының орынбасары Ардак Изимовна Муканова Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында қалалық медицианылқ мекемелердің офлайн, аудандық медициналық мекемелердің онлайн форматта қатысуымен дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағаларымен семинар өткізді.

Семинар барысында өзекті тақырып Батыс Қазақстан облысы бойынша алғашқы мүгедектік көрсеткішінің өсуі мен толық және ішінара оңалту көрсеткіштерінің төмендеп, мүгедектік тобының ауырлауының жоғарылау себептері талқыланды.

А.Муканова 2025 жылдың өткен кезеніндегі көрсеткіштерге талдау жасап, былтырғы жылдың сәйкес кезенімен салыстырды.

Бүгінгі күні облыс бойынша алғашқы мүгедектікке шығудан ересектер арасында қатерлі ісіктер, қан айналым жүйесінің аурулары, көз аурулары алғашқы үштіктен орын алып тұр.

Ал балалар арасында психикалық бұзылулар мен мінез-құлық бұзылыстары алға шығып тұр, туа біткен ауытқулар мен жүйке жүйесінің аурулары да бірнеше жылдан бері азаймауда.

Сонымен бірге қайта куәландырылғандардың ішінде толық оңалтылғандар мен ішінара оңалтылғандар саны төмен деңгейде. Мүгедектік тобының ауырлауы артуда.

Жоғарыда аталған, көрсеткіштер медициналық мекемелердің мүгедектіктің алдын алу мен мүгедектігі бар адамдарға оңалту шараларының тиісті деңгейде жүргізілмеуі салдарынан болып отыр.

Қымбат медициналық оңалту шаралары (мысалы, АКШ, МКШ, стент қою, операция жасалған туа біткен ақаулар, глаукома, нейрохирургиялық түзетулер және т.б.), мүгедектіктің алдын алуына бағытталған. Алайда, көрсетілген оперативтік және консервативті емдерден кейін мүгедектік тобын тағайындау үшін жолдау медициналық оңалту шараларының тиімділігінің төмендігін көрсетеді.

Жоғарыда аталғандар ДКК төрағаларының қаперіне жеткізіліп, мүгедектік көрсеткіштеріне талдау жүргізе отырып, мүгедектіктің алдын алу мен мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға бағытталған ем-шаралар жоспарын құру, медициналық қызметтің тиімділігін тиісті дәрежеде көрсету, талдау нәтижелері бойынша 2026 жылдың ақпан айындағы кезекті жиналыс барысында ұсыну тапсырылды.