Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар түрлері:
2) стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруы жағдайында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге көрсетуге арналған заңды тұлға;
3) уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдары) – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы уақытша (бір жылдан көп емес) болуы жағдайында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға;
4) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы) – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.
Стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайларында:
1) психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) қызметтер көрсетіледі.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тұрған белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, адам саудасының құрбандарына, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдарындағы қызмет алушылар) уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің тәртібін айқындайды.
Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
1) қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен медициналық картасы.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
1) қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиеші және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) медициналық картасы;
Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
1) қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) медициналық картасы;
4) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Уақытша болу ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушылардың өтініші бойынша немесе аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы негізінде қызметтерді алушының нақты тұрған жері бойынша жүзеге асырады. Өтініш Стандартқа сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Бұрын Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің аумағында тұрған және өз баспанасынан айырылған адамдар, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар уақытша болу ұйымына күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге қабылданады, одан кейін олар жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе бюджеттен тыс тартылған қаражат есебінен бұрынғы тұрған жері бойынша уақытша болу ұйымдарына жіберіледі.