Назар аударыңыз! Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтерді алу кезінде алаяқтық жағдайлары орын алуы мүмкін.

Назар аударыңыз! Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтерді алу кезінде алаяқтық жағдайлары орын алуы мүмкін.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтерді алу кезінде алаяқтық жағдайлары орын алуы мүмкін.

Әлеуметтік қызметтер порталы – ОЖБ-ға (жеке оңалту бағдарламасына) сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар мен қызметтерді алуға арналған (https://psubeta.enbek.kz/, https://aleumet.egov.kz/).

Aleumet порталы арқылы тапсырыстарды рәсімдейтін жосықсыз өнім берушілердің — техникалық құралдар, оңалту қызметтері және өзге де жеңілдіктерді ұсыну кезінде ережелерді бұзып немесе алаяқтық жолмен әрекет ету жағдайлары жиілеп кетті.

Портал арқылы тапсырысты рәсімдеу кезінде мұқият және сақ болуға шақырамыз.

Егер сіз күдікті әрекеттерге, алаяқтыққа, тапсырысты орындаудан бас тартуға немесе негізсіз талаптарға тап болсаңыз, уәкілетті органға хабарласуыңызды сұраймыз:

- Қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне немесе
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті РММ-не хабарласуды сұраймыз.