Құрмет орденімен марапатталды

Құрмет орденімен марапатталды

Адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық қасиеттеріне негізделген әлеуметтік сала - бұл қоғамдағы ең маңызды, әрі жауапкершілігі жоғары қызметтердің бірі.
Мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек етіп, ел игілігі жолындағы жауапты істерде жоғары кәсібилік пен адалдық танытып, адамға деген қамқорлық пен қоғамға қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Ардак Изимовна Муканова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен салтанатты рәсімде Құрмет орденімен марапатталды.
Құрметті, Ардақ Ізімқызы - еліңіздің дамуына, қоғамның өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор.
Бұл марапат – Сіздің еңбегіңіздің ел тарапынан лайықты бағалануы.
Сізге мықты денсаулық, отбасылық бақыт және мемлекеттік қызмет жолында жаңа табыстар мен биік жетістіктер тілейміз.
Сіз өзіңіздің еңбегіңіз, парасаттылығыңыз және жауапкершілігіңіз арқылы мемлекеттік қызметтің абыройын арттырып келесіз.