
2025 жылдың 24 қазанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған республикалық «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға республика өңірлерінің барлығынан мыңнан астам өтінім түсіп, жеңімпаздарды анықтау бойынша өткен бірнеше кезеңнен 129 қатысушы финалға өтті. Әр финалистің кәсіби жетістіктері мен бейнематериалдарын 10 балдық шкала бойынша бағаланды. Бағалау кезінде жұмыс өтілі, марапаттардың болуы, инновациялық тәсілдерді қолдануы, бейнеролик сапасы мен тақырыпты ашу деңгейі сияқты өлшемшарттар ескерілді. Комиссия ұпайларына 1–5 қазан аралығында өткен онлайн-халықтық дауыс беру нәтижелері де қосылды: әрбір дауыс 0,1 балл ретінде есептелді.
Осылайша, қорытынды нәтиже комиссия және онлайн-дауыс беру ұпайларының жиынтығынан шығарылып, кешенді бағалау нәтижесінде жеті номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, «Медициналық-әлеуметтік сараптама саласының үздік қызметкері» номинациясын Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметкері, әлеуметтік салада 33-жылдан астам еңбек өтілі бар, № 1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Хазима Муратовна Есетова иеленді.
Хазима Муратовнаны жоғары жетістігімен құттықтаймыз!
Ұжымның атынан алғысымызды білдіре отырып, отбасына амандық, деніне саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!