Ұстазға алғыс
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің елдің барлық өңірлерінде «Ұстазға алғыс!» апталығын ұйымдастыру аясында департамент басшылығының қолдауымен осы мекеменің мемлекеттік қызметкері Сергазиева Асел Қазбекқызы «Дарынды балаларға арналған» Сакен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында» білім берген ұлағатты ұстазы Шоныраева Маншук Рамазанқызын «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтап алғысын білдірді.
Шоныраева Маншук Рамазанқызы Казталов ауданы, Саралжын елді мекенінде 1960 жылы 1 сәуірде дүниеге келген.
1978-1982 жылдары Орал қаласы А.Пушкин атындағы педагогикалық институтын (қазіргі М.Өтемісов атындағы университет) физика-математика бөлімін бітірген. 1982-1986 жылдары Саралжын мектебінде, 1986 жылдан -2024 жылға дейін С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп – лицей-интернатында математика пәні мұғалімі болып осы мектепте 38 жыл жүмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан.
Оқушылары облыстық және республикалық жүлделер иелері. «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төс белгісімен, «Ардагер ұстаз» медалімен марапатталған. 2005 және 2024 жылдары Республикалық мұғалімдер съезіне қатысқан ардагер ұстаз.