Мүгедектердiң әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектiлерiне, мәдени ойын - сауық іс – шараларына қол жетімділігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары

Мүгедектердiң әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектiлерiне, мәдени ойын - сауық іс – шараларына қол жетімділігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары

Қазақстан Республикасы 2015 жылы мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялап, мүгедектерге тәуелсіз өмір салтын жүргізу және өмірдің барлық аспектілеріне жан-жақты қатысу мүмкіндігін беру үшін қатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен тең дәрежеде табиғи айналасына, көлікке, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді қоса алғандағы ақпарат пен байланысқа, сондай-ақ қалалық және ауылдық аудандарда халық үшін ашық немесе ұсынылатын басқа да объектілер мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау міндетін алды.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  (Бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңының талаптарын сақтау бойынша  мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі болып табылады.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының 3 тармағының 25 бабына сәйкес - «Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi».  

Сонымен, «Тез бейімделмейтін топтар үшін ғимараттар мен имараттардың қолжетімділігі» 3.06-01-2011 Қазақстан Республикасының Құрылыс Нормалары (Бұдан әрі – ҚР ҚН) және «Ғимараттар мен имараттарды халықтың шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау. Жалпы ережелер» 3.06-101-2012 Қазақстан Республикасының Ережелер Жинағының (Бұдан әрі – ҚР ЕЖ) барлық талаптарын есепке ала отырып, қимыл – тірек аппараты бұзылысы бар және есту, көру қабілетінің бұзылысы бар тұлғалар үшін объект толық қолжетімді болу керек.

Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени ойын – сауық іс – шараларына, қолжетімділік мәселесі бойынша  тексерістермен субектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде департаменттің мамандары 3.06-01-2011 ҚР ҚН және 3.06-101-2012 ҚР ЕЖ басшылыққа алатынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 144 бабының 3 тармағының 3 тармақшасы) департаментпен жоспардан тыс тексерістер жүргізіледі.  

Мүгедекетрге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени ойын – сауық іс – шараларына қолжеткізуді қамтамасыз етпеген жағдайда, лауазымды тұлғаларға 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъетілеріне 120 АЕК, орта кәсіпкерлікке 200 АЕК, ірі кәсіпкерлікке 400 АЕК жауапкершілігі қарастырылған.