«Адалдық сағаты»

«Адалдық сағаты»

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған қарқынды жұмыстар атқарылуда.

         Осы бағыттағы жұмыстардың мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту үшін ай сайынғы негізде «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылып келеді.

         Қыркүйек айындағы «Адалдық сағаты» жаңа форматта ұсынылып отыр.

         Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді. Бейнедәріс барысында ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.

         Мемлекеттік және ресми тілдерде тиісті бейне-дәрістер әзірленіп, Youtube арнасының «Адалдық сағаты»/«Час добропорядочности» бөлімдеріне орналастырылды.

         Осыған байланысты, 2020 жылдың 30 қыркүйекке дейін кезекті онлайн «Адалдық сағаты» туралы бейне-дәрістердің сілтемесінің интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жариялануын қамтамасыз етулеріңізді сұраймын.

            Ескертпе: Бейне-дәрістің қаралымы Агенттіктің Youtube арнасының сілтемелері арқылы саналатындықтан, оны жүктеп не кесіп алып жаңа сілтемелер таратуға болмайды.

https://www.youtube.com/watch?v=B1Ut1GzT00E&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN – мемлекеттік тілде.