Түсіндірме жұмысы

Түсіндірме жұмысы

2025 жылдың 19 мамырында халықты әлеуметтік қорғау  саласындағы реттеу және бақылау  комитетінің Жетісу облысы бойынша  департаментінің басшысы З. А. Илимжанова және департамент басшысының орынбасары С. С. Булебаев  Ескелді аудандық орталық емханасының басшылығы және дәрігерлік - кеңестік комиссиясының  мүшелерімен Департаменттің қызметкері және облыстың орталық аудандық емханаларының қызметкерлерінің жасаған  сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 2024 жылғы 6 қыркүйегіндегі Талдықорған калалық сотының жеке қаулысын талқылау мақсатында семинар кеңес өткізді.  Семинар кеңес  барысында    қызмет алушыларына  МӘС куәландыру жүргізу процессінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа, қылмысқа жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде жан – жақты  шаралар қабылдау және Ескелді аудандық ауруханасының барлық  қызметкерлерімен. «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс - қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңынын нормаларын сақтау жөніндегі департамент қызметкерлері арасындағы тұрақты негізде түсіндіру  жұмыстарын жүргізу қажеттегіне баса назар  аударылды.

Сондай-ақ, семинар барысында  аудан бойынша  мүгедектіктің негізгі статистикалық көрсеткіштері және департамент өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.