Түсіндірме жұмысы

Түсіндірме жұмысы
Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні профилактикалық бақылау жүргізу кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы Қалымжан О.Т. «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен ҚР Әлеуметтік кодексінің шеңберінде стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілудің тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптары түсіндірілді.