ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Профилактикалық бақылау аясында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А.Тулегенқызы  және бақылау аясында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің  бас маманы М.Мәжитов «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ қызметкерлеріне ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының негізгі талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ, «Адал көмек» жобасын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырудың негізгі құралдарының бірі ретінде Департаментпен бекітілген кестеге сәйкес апта сайын онлайн режимінде түсіндіру жұмыстарын жүргізілетіні туралы айтылды.