«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Талдықорған қалалық бөлімінің мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша оқыту өткізу

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Талдықорған  қалалық бөлімінің мамандарының қатысуымен  мемлекеттік қызмет көрсету  мәселелері бойынша оқыту өткізу

    2021 жылғы 12 шілдесінде Департаментің № 3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысымен  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Талдықорған  қалалық бөлімінің мамандары   арасында мемлекеттік қызмет көрсету туралы,  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы тағайындау мәселелеріне қатысты, электрондық макеттерді қалыптастыру, істерді кері қайтару бойынша, және Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның нормаларын сақтау туралы  оқыту өткізілді.

        Күн тәртібінің шеңберінде негізгі ұғымдар, мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудағы талаптар мен Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығымен бекітілген  Қағидалардың құқықтық нормаларының негізінде, ұсынылған құжаттардың мазмұнына байланысты нақты орын алған жағдайларда әрекет ету жүйесін ұйымдастыру мәселелері, одан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету  мерзімдерін бұзу туралы, электрондық іс макеттерді қалыптастыру, кері қайтару істер туралы талқыланды.

              Туындаған сұрақтары талқыланып, түсініктемелер берілді.