Алматы облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісімен кездесу

Алматы облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісімен кездесу

Алматы облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Р.Ақжаркеновамен және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар қалыптастыру үшін ұсыныстар енгізу жөнінде кездесу өтті.

Кездесу ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі      Е.М. Әукеновтің әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар қалыптастыру үшін және Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!», ҚР ЕХӘҚМ халықтың, оның ішінде мүгедек адамдар үшін әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша Жол картасын әзірледі.

Жол картасының 84, 85-тармақтарына сәйкес инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 5 жыл ішінде (2021-2025 ж.ж.) Алматы облысы бойынша 1 294 объектіні бейімдеу жоспарлануда.

            Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес облыста әлеуметтік инфрақұрылымның 258 объектісінде бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

            Кездесуде қызмет көрсету және сауда нысандарында қолжетімділік мәселелері талқыланды.

            Облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Р.Ақжаркенова мемлекеттік мекемелерде қолжетімділік бойынша жұмыс үнемі жүргізіліп отыратынын, бірақ негізінен бұл пандустар, көтергіштер екенін атап өтті. Мекемелер ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әрдайым қолайлы жағдай бола бермейді.

Коммерциялық объектілерде және басқа да қызметтер көрсетілетін салада мұндай қолжетімділік те жоқ. Келесі кездесуде жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларымен осындай объектілерде қолжетімділікті қалай кеңейтуге болатынын талқылау туралы ұсыныс енгізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А.Тулегенқызы ҮЕҰ-ға жіберілетін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды қалыптастыруға түзету енгізу туралы өз ұсыныстарыңызды енгізуіңізді сұраймыз.