«Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

«Райымбек ауданының жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

  Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы                          А.Тулегенқызы, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Д.Т..Сенгербаев «Райымбек ауданының жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде семинар - кеңес ұйымдастырып өткізді.

 Кездесу барысында, «Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» және ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдары негізінде,  арнаулы әлеуметтік қызметтер жөнінде, сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңының басты талаптарын түсіндіріп өтті.

  Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі құралдарының бірі ретінде «Адал көмек» жобасын іске асыру барысында, Департамент тарапынан онлайн режимінде бекітілген кестеге сай апта сайын түсіндірме жұмыстары жүргізілетіні туралы айтылды.