Әдеп жөніндегі уәкілінің семинар-кеңес өткізуі туралы

Әдеп жөніндегі уәкілінің семинар-кеңес өткізуі туралы

  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінің - Әдеп жөніндегі уәкілі - Д. Сенгербаев Талдықорған қаласында орналасқан мамандандырылған № 9 МӘС бөлімінде  семинар-кеңес өткізді.

   Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарымен таныстырды. Әдеп жөніндегі уәкіл өз сөзінде, мемлекеттік қызметшілер өзінің қызметтік міндеттерін атқаруда мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтап, жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, қызметтен тыс уақытта қабылданған әдеп нормаларын ұстанулары, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеу, халық үшін қызмет ететіндіктерін естерінен шығармау керектігін баса айтты.

   Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптарына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке. алу, қарау және жауап беру тәртібін түсіндірді.

    Қойылған сұрақтарға әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыры және Заң шеңберінде жауап берді.