Мониторингтік топтың «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не бару нәтижелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Мониторингтік топтың «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не бару нәтижелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 30 қарашасында «Ақ жол-М»  және «Жартас Қазақстан» қоғамдық бірлестік президенттері Р.И. Тохтиева және Р. Е. Кайгатырованың қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де мониторингтік топтың аралау кезінде анықталған бұзушылықтар талқыланды.

Мониторингтік топ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында, атап айтқанда жеке жұмыс жоспарларын жасау, жеке іс-шаралар жоспарына енгізілген мониторингті сапалы орындау, тұрғын үй алаңын ұсыну, тамақтану нормаларын бұзу бөлігінде бұзушылықтар анықталды, бұдан басқа білім беру және денсаулық сақтау салаларында да бұзушылықтар анықталды.

Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдық бірлестіктер тарапынан бақылауды күшейту және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде бірлескен іс-қимыл қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

 Департамент қызметкерлері өз құзыреті шегінде барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берді.