
Еңбек нарығы цифрландыру мен жаңа технологиялардың дамуына байланысты өзгеріп келеді. Бұл өзгерістер жаңа мамандықтардың пайда болуына және еңбек нарығындағы сұраныстың жаңа бағыттарға ауысуына әсер етуде.
Алдағы уақытта заманауи технологиялармен жұмыс істей алатын, цифрлық дағдыларды меңгерген мамандарға сұраныс арта түспек. Сонымен қатар қолданыстағы мамандықтардың мазмұны өзгеріп, қызметкерлерден жаңа дағдыларды игеру талап етіледі.
Қандай жаңа мамандықтарға сұраныс артып келеді? Қандай дағдылар талап етіледі? Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарма директоры Ернат Жүнісов айтып берді. Толығырақ бейнематериалдан көріңіздер: https://www.instagram.com/p/Ddkx2ehstxO/