ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІК: 2027 ЖЫЛДАН БАСТАП НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІК: 2027 ЖЫЛДАН БАСТАП НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІК: 2027 ЖЫЛДАН БАСТАП НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәртібі өзгереді. Бұл ретте ұсынылып отырған өзгерістер мемлекет тарапынан БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналарының сақталуын қамтамасыз етуден бас тартуды білдірмейді. Қазір азамат зейнетақы төлемдерін алуға құқылы болған кезде оның БЖЗҚ-ға нақты аударған зейнетақы жарналарының сомасы инфляция деңгейі ескеріліп есептеледі. Осы сома мен БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының арасында айырмашылық болса, ол айырма республикалық бюджет есебінен өтеледі. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл механизм өзгереді. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 217-бабына сәйкес мемлекет БЖЗҚ-ға нақты аударылған зейнетақы жарналарының бастапқы мөлшерде сақталуына кепілдік береді. Еңбек министрлігі түсіндіргендей, бұған дейін азаматтардың өз зейнетақы жинақтарының қалай инвестицияланатынына тікелей ықпал ету мүмкіндігі болған жоқ. Инвестициялық саясатты мемлекет айқындап, салымшылардың өз қаражатын басқару мүмкіндігін шектеді. Сондықтан мемлекет инвестициядан түскен кіріс инфляция деңгейінен төмен болған жағдайда туындайтын айырманы өтеу міндетін өз мойнына алды. Қазір салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқаратын компанияны және инвестициялау стратегиясын таңдау мүмкіндігі кеңейіп келеді. Осыған байланысты мемлекеттік кепілдікті бұрынғы тәртіппен қолданудың бастапқы негізі өз мәнін жоғалтады. Бұл ретте зейнетақы активтерін басқару жүйесі мемлекеттік бақылауда қала береді. Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды, активтерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды және инвестициялау нәтижелері туралы есептерді тыңдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін қалыптастырады. Ал Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық саясаттың тиісті тәсілдері мен негізгі параметрлерін бекітеді.