ҚАЗАҚСТАНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫН ІРІКТЕУ ЖОБАСЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫН ІРІКТЕУ ЖОБАСЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫН ІРІКТЕУ ЖОБАСЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

Алматыда мүгедектігі бар адамдарға берілетін оңалтудың техникалық құралдарын қайтару және қайта пайдалану жобасы іске қосылды. Жобаны Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы жүзеге асырып жатыр. Алматы тұрғындары жобаға 2026 жылдың 14 қыркүйектен бастап қатыса алады. Жобаның алғашқы кезеңінде кресло-арбалар мен жүріп-тұруға арналған басқа да құралдар қамтылған. Жаңа тәсілдің негізгі мақсаты – әр адамға оның қазіргі жағдайына, қозғалу мүмкіндігіне және күнделікті қажеттілігіне сай келетін оңалту құралын таңдау. Уақыт өте келе адамның дене бітімі, қозғалу мүмкіндігі немесе күнделікті өмір салты өзгеруі мүмкін. Соған байланысты бұрын берілген оңалту құралы адамның қазіргі қажеттілігіне сәйкес келмей қалуы ықтимал. Мұндай жағдайда мамандар адамның қажеттілігін қайта бағалап, қажет болса, басқа оңалту құралын таңдайды. Ал бұрын пайдаланылған құрал қайтарылады. Ол тексеріліп, қажетті дайындықтан өткеннен кейін талаптарға сай болса, оны басқа адамға қайта беруге болады. Осылайша жоба адамның өзгерген қажеттілігіне қарай оған сәйкес оңалту құралын таңдауға және жарамды құралдарды қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Қатысу және оңалту құралдарын таңдау мәселелері бойынша Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығына мына мекенжай бойынша жүгінуге болады: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 65.

▶️ Жобаның қалай жүзеге асырылатыны, оның механизмі мен ерекшеліктері туралы толығырақ бейнематериалдан көріңіздер: https://www.instagram.com/p/Ddk9WMughU9/