Балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында мониторингтік топтың нәтижелері бойынша брифинг өткізу туралы

Балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында мониторингтік топтың нәтижелері бойынша брифинг  өткізу туралы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Айгерим Тулегенқызы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында мониторинг жұмысының нәтижелері туралы брифинг өткізді.

Мониторингтік топ мүшелерінің негізгі тұжырымдары мен ұсыныстары бұл - мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған жұмысты күшейту; жеке жұмыс жоспарларын, сондай-ақ стандартқа сәйкес тоқсан сайынғы мониторингті қайта қарау; перспективалық, апта сайынғы мәзірлерді әзірлеу кезінде тәуліктік рационды және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп әзірленген нормаларды басшылыққа алу; Әлеуметтік қызмет алушылар үшін Стандартта белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі талаптарды қатаң бақылау қажет және уәкілетті орган тұрақты негізде әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге тиіс.

             Қамқорлықтағылар ең төменгі қажеттіліктермен ғана емес, әлеуметтік дамумен де қамтамасыз етілуге тиіс, ал арнаулы әлеуметтік қызметтер сапасының төмендігі оларды әлеуметтік оқшаулауға әкеп соғуы мүмкін, бұған жол беруге болмайды және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасымен қорғалады.