Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі-Департамент), ZOOM бағдарламасы арқылы Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен оқыту семинар-кеңесі өткізілді.

Семинар-кеңес барысында Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі      Д.Т.Сенгербаев, мемлекет басшысының 2020 жылдың 6 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылғаны туралы Департаменттің мемлекеттік қызметшілерін толық таныстырып өтті. Сонымен қатар, Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әректтері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Заңда мемлекеттік қызмешілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған. Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылады.

Сондай-ақ, заңда туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге,сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тұрғын ұй төлемдеріне, квазимемлекеттік сектор субектілерінде комплаенс-қызметтер құруға және басқаларға бағытталған нормалар көзделген.

Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелеріне жеке тоқталды.