
2026 жылғы 08 шілдеде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының м.а. С.С. Булебаевтың, Жетісу облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары С.К. Кульбаеваның және департамент, денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ облыс бойынша медицина ұйымдарының қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен кеңес өткізілді.
Тақырыбы:
• МӘС-ке сапасыз және негізсіз бағытталғандарды талқылау.
• Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде көзбе -көз, сондай-ақ сырттай проактивті форматта (031/у нысаны) қорытындының сапалы толтырылуын қамтамасыз ету, МӘС-ке жолдау барысында дәйексіз және жалған құжаттардың ұсынылуына жол бермеу.
• Сырттай проактивті куәландыру бойынша 45% нысаналы көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ету.