Түсіндірме жұмыстары

Түсіндірме жұмыстары

Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүйесіне кадрларды тарту мақсатында Жетісу облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы        З. Илимжанова 2026 жылғы 10–11 маусым күндері Қазақстан-Ресей медицина университетінің (ҚРМУ) және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) басшылық құрамымен жұмыс кездесулерін өткізді.
Кездесулер барысында МӘС жүйесін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері, ынтымақтастық перспективалары және жас мамандарды тарту мүмкіндіктері талқыланды.
Қазіргі уақытта Департаментте 4 бос жұмыс орны бар:
* Медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснама және бақылау бөлімінің 1 басшысы;
* Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің 1 басшысы;
* Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің 2 бас маманы.
Мемлекеттік қызметке біліктілік талаптарына сәйкес келесі мамандықтар бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандар қабылданады:
✔️ «Емдеу ісі»;
✔️ «Педиатрия»;
✔️ «Жалпы медицина»;
✔️ «Қоғамдық денсаулық сақтау»;
✔️ «Медициналық-профилактикалық іс».
Кездесулер қорытындысы бойынша түлектердің, оның ішінде өткен жылдардағы түлектердің тізімдері алынды. Қазіргі уақытта университеттердің деканаттары МӘС жүйесіне жұмысқа орналасуға әлеуетті кандидаттарды ақпараттандыру және тарту жұмыстарын жүргізуде.
Білікті мамандарды біздің ұжымға қосылып, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына өз үлестерін қосуға шақырамыз!