
2026 жылғы 19 маусымда Zoom платформасында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты кеңес өтті.
Іс-шара барысында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И. Скуб медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өз қызметінде ерекше көзге түскен қызметкерлерді атап өтті.
Марапатталғандардың қатарында департаментіміздің медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің қызметкерлері де бар. Олар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен және Комитеттің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.