
2026 жылғы 04 маусымда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары С.Булебаев «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК ДКК қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді.
Тақырыбы:
• МӘС-ке жолдау тәртібін қатаң сақтау, МӘС-ке жолдау кезінде жалған құжаттарды ұсынуға жол бермеу.
• Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытындыны (031/у нысаны) көзбе-көз, сондай-ақ сырттай-проактивті форматта сапалы толтыру. Сырттай проактивті куәландыру бойынша 45% мақсатты индикаторға қол жеткізу.
• МӘС-ке негізсіз бағытталғандарды талқылау.